«Сарайшық» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы» РМҚК 2023 жылдың 22 желтоқсанында Ғылыми кеңес барысында мекеме заңгері Э. Урынбасарова сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға, оған қарсы іс-қимыл жасауға және оған қарсы күрестің негізгі тұстарын атап өтіп, музей-қорықтағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы жүргізілген ішкі талдау жұмыстары туралы баяндады.