Ортағасырлық Сарайшық – Қазақ елінің астанасы
"Сарайшық" мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы" РМҚК
Виртуалды тур

Сарайшықта 2023 жылдың қорытынды Ғылыми Кеңесі өтті

Бүгін, 2023 жылғы 22 желтоқсанда «Сарайшық» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының Ғылыми кеңесі 2023 жылдың қорытынды отырысын өткізді. Іс-шара барысында музей-қорық мамандары жылдық жоспар бойынша атқарылған жұмыстарды қорытындылап, музей-қорықтың жаңалықтарымен, жетістіктерімен және көрсеткіштерімен бөлісті. Шараға Ғылыми кеңес мүшелері, ауыл ардагерлері мен БАҚ өкілдері қатысты.
Шара соңында ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің «Мәдениет саласының үздігі» төс белгісімен музей-қорықтың бас қор сақтаушы Орын Сағынбаева, «Құрмет грамотасымен» жәдігерлермен таныстырушы Айкөркем Мұстажап, «Алғыс хатымен» мекеме заңгері Эльмира Урынбасарова мен мемлекеттік сатып алу маманы Майра Лекерова марапатталды.
Жұмыс кестесі

Дүйсенбі/Жексенбі: 09:00-18:30

Түскі үзіліссіз/демалыссыз

Кері байланыс

Тел/факс: +7 702 059 7858

E-mail: museumsaraishik@mail.ru