Ортағасырлық Сарайшық – Қазақ елінің астанасы
"Сарайшық" мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы" РМҚК
Виртуалды тур

Дәстүрлі ұлттық ойындар сайысы

2023 жылдың 11 желтоқсан күні «Сарайшық» музей-қорығының ұйымдастыруымен Қ.Қарашұлы атындағы Сарайшық орта мектебінің 6-сынып оқушылары арасында дәстүрлі ұлттық ойындар сайысы өтті. Шара басында музей-қорық мамандары балаларға «Асық ату», «Тоғыз құмалақ» ойындарының тарихы мен ережелерін түсіндіріп, дәстүрлі ойындардың қыр-сырларын ашты. Оқушылар қызығушылық танытып, ойындарға белсене қатынасты. Шара аяғында оқушылар арасында пікір алмасу өтіп, өз алған әсерлерімен бөлісті. Дәстүрлі ұлттық ойындар сайысында өз біліктіліктерін көрсеткен оқушылар алғыс хатпен марапатталды.

Жұмыс кестесі

Дүйсенбі/Жексенбі: 09:00-18:30

Түскі үзіліссіз/демалыссыз

Кері байланыс

Тел/факс: +7 702 059 7858

E-mail: museumsaraishik@mail.ru