Ортағасырлық Сарайшық – Қазақ елінің астанасы
"Сарайшық" мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы" РМҚК
Виртуалды тур

Археологиялық зерттеу жұмыстарының нәтижелері

Бүгін «Сарайшық» музей-қорығының ұйымдастыруымен өткен «Археологиялық зерттеу жұмыстарының нәтижелері» коференциясына Х. Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің профессоры, тарих ғылымдарының кандидаты Марат Сейітжанұлы Қасенов «Атырау облыстық тарихи-өлкетану музейінің 2023 жылғы қазба жұмыстары», ШҚО «Бестерек» тарихи-өлкетану музейінің маманы, тарих ғылымдарының кандидаты Андрей Александрович Пушкарев «Предварительные результаты магнитной разведки на средневековых поселениях Сарайшик, Карагайлы, Ащысай и караван-сарае Кулиш (Махамбетский район, Атырауская обл.)», «Ботай» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының ғылыми қызметкері Марат Сайлауұлы Макеев «Археологические полевые исследования на поселении Ботай в 2023 году», Атырау облысы тарихи-мәдени мұраны зерттеу орталығы басшысының орынбасары Фархад Рысқалиұлы Байдаулетов «Атырау өңіріндегі Ұлы Жібек жолы бойын және Тайсойған құмының аумағын зерттеу жұмыстары», «Сарайшық» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы» РМҚК бас инспекторы Айбек Тұрарұлы «2023 жылы №2 қазбада жүргізілген археологиялық қазба жұмыстары туралы алдын-ала мәлімет», «Сарайшық» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы» РМҚК ғалым хатшысы, магистр Амангелді Жеңісұлы Жұмабаев «2021-2023 жылдары Сарайшықта ашылған қоғамдық ғимарат» атты баяндамасымен қатысты. Шара соңында қатысушылар мен тыңдаушылар өз ойларын білдіріп, пікір алмасты. Махамбет ауданы О. Шонаев атындағы орта мектептің тарих пәні мұғалімі Қамбар Лотұлы Түскенов баяндамашыларға алғыс білдіріп, алдағы уақытта конференцияның аудан орталығында өткізуі туралы ұсыныс айтты.

Жұмыс кестесі

Дүйсенбі/Жексенбі: 09:00-18:30

Түскі үзіліссіз/демалыссыз

Кері байланыс

Тел/факс: +7 702 059 7858

E-mail: museumsaraishik@mail.ru