Ортағасырлық Сарайшық – Қазақ елінің астанасы
"Сарайшық" мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы" РМҚК
Виртуалды тур

Украина Республикасының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Сарайшыққа келді

2023 жылдың 24 қараша күні «Сарайшық» сапар орталығына Украина Республикасының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Павленко Сергей Николаевич, хатшысы Владимир Раиков, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі, «Довира» украин этномәдени бірлестігінің жетекшісі Синицына Виктория Викторовна арнайы келіп, ортағасырлық Сарайшық қаласының тарихымен танысты. Музей экспозициясын аралап, Сарайшықтың аңыздарын тыңдап, «Табиғатпен сырласу» көрмесін тамашалады. Экскурсия соңында меймандар музей-қорыққа алғысын білдіріп, тілек кітабына қолтаңбаларын қалдырды.

Жұмыс кестесі

Дүйсенбі/Жексенбі: 09:00-18:30

Түскі үзіліссіз/демалыссыз

Кері байланыс

Тел/факс: +7 702 059 7858

E-mail: museumsaraishik@mail.ru