Ортағасырлық Сарайшық – Қазақ елінің астанасы
"Сарайшық" мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы" РМҚК
Виртуалды тур

Тарихшы ғалымдар Сарайшықта болды

Бүгін "Сарайшық" сапар орталығына Татарстан Республикасы ҒА Ш. Марджани атындағы Тарих институтының жетекші ғылыми қызметкері, т.ғ.д. Искендер Лерунович Измайлов, Татарстан Республикасы ҒА А.Х. Халиков атындағы Археология институтының Ортағасырлық археология бөлімінің аға ғылыми қызметкері, т.ғ.к. Игорь Викторович Волков, Татарстан Республикасы ҒА Ш. Марджани атындағы Тарих институтының М.А. Усманов атындағы Алтын Орда және татар хандықтарын зерттеу орталығының басшысы, т.ғ.к. Ильнур Мидхатович Миргалеев, А.М. Горкий атындағы Әдебиет институтының доценті, т.ғ.к., нумизмат Александр Владимирович Пачкалов, ҚазҰУ профессоры, т.ғ.д., археолог Мадияр Елеуов, т.ғ.к. Ернар Ужкенов, т.ғ.к. Ғалия Шотанова сияқты белгілі ғалымдар келіп, музей экспозициясымен танысты. Экскурсия барысында қонақтар ортағасырлық қаласының тарихымен, археологиялық қазба жәдігерлері туралы ақпараттар алды. Сарайшықтың қойнауынан шыққан жәдігерлері, музей экспозиция жөнінде пікір білдіріп, музей-қорық қызметкерлерінің қызметіне алғыс білдірді. Музей-қорық атынан келген қонақтарға "Қазақстанның батыс өңіріндегі алтынордалық қалалар, көне керуен жолдары және керуен-сарайлар: пәнаралық зерттеулер (ХІІІ-ХV ғғ.)" бағларламасы аясында жарық көрген "Батыс Қазақстандағы Алтынорда қалалары, керуен сарайлары және керуен жолдары (XIII-XVI ғғ.)" және "Жайық бойы Алтынорда қалалары" кітаптары сыйға тартылды.

Жұмыс кестесі

Дүйсенбі/Жексенбі: 09:00-18:30

Түскі үзіліссіз/демалыссыз

Кері байланыс

Тел/факс: +7 702 059 7858

E-mail: museumsaraishik@mail.ru