Ортағасырлық Сарайшық – Қазақ елінің астанасы
"Сарайшық" мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы" РМҚК
Виртуалды тур

Ақтөбе-Лаэти мен Атырау қалаларының тарихы

Бүгін, 23 қараша Атырау облыстық тарихи-өлкетану музейінің ұйымдастыруымен "Ақтөбе-Лаэти мен Атырау қалаларының тарихы:жаңаша көзқарас" халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы өтті. Конференция жұмысына "Сарайшық" музей-қорығының ғалым хатшысы А. Жұмабаев, бас инспектор А. Тұрарұлы қатынасты. А. Тұрарұлы конференцияның пленарлық отырысында "Ақтөбе қаласының атауы және қазбада ашылған бір нысан туралы" тақырыбында баяндама жасады. Конференция жұмысы аясында музей-қорық археологтары Татарстан Республикасы ҒА Ш. Марджани атындағы Тарих институтының жетекші ғылыми қызметкері, т.ғ.д. Искендер Лерунович Измайлов, Татарстан Республикасы ҒА А.Х. Халиков атындағы Археология институтының Ортағасырлық археология бөлімінің аға ғылыми қызметкері, т.ғ.к. Игорь Викторович Волков, Татарстан Республикасы ҒА Ш. Марджани атындағы Тарих институтының М.А. Усманов атындағы Алтын Орда және татар хандықтарын зерттеу орталығының басшысы, т.ғ.к. Ильнур Мидхатович Миргалеев, А.М. Горкий атындағы Әдебиет институтының доценті, т.ғ.к. Александр Владимирович Пачкаловпен Ортағасырлық Сарайшықтың Алтын Орда тарихында алатын орны туралы пікірлесті.

Жұмыс кестесі

Дүйсенбі/Жексенбі: 09:00-18:30

Түскі үзіліссіз/демалыссыз

Кері байланыс

Тел/факс: +7 702 059 7858

E-mail: museumsaraishik@mail.ru