Ортағасырлық Сарайшық – Қазақ елінің астанасы
"Сарайшық" мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы" РМҚК
Виртуалды тур

Вандализмге қарсы кездесу өтті

2023 жылдың 20 қарашасында «Сарайшық» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының бас инспекторы А.Тұрарұлы мен мекеме заңгері Э.Урынбасарова Қ.Қарашаұлы атындағы Сарайшық орта мектебінде оқушылар және олардың ата-аналарымен «Балалар вандализмі» тақырыбында кездесу өткізді. Шараға Махамбет ауданы полиция бөлімі бастығының орындасарының м.а. полиция подполковнигі Р. Зинешов және ювеналды полиция тобының аға учаскелік полиция инспекторы, полиция капитаны Ж.Ділмағамбетова, Махамбет ауданы полиция болімінің участкелік полиция инспекторы, полиция капитаны К. Сабиров қатысты. Қазіргі күнде вандализм елімізде жиі көрініс беретін құбылысқа айналды. Өкінішке орай, вандализмге құмар адамдар арасында балалар да кездеседі. Кездесуде оң-солын танымаған жасөспірімдер үшін отбасы, мектеп және қоғам болып бірігіп, вандализмге қарсы тосқауыл болатын шараларды жүзеге асыру, тарихи-мәдени мұраларымызға жауапкершілікпен қарау, вандализмнің алдын-алу бойынша брошюралар дайындау жөнінде ұсыныстар айтылды.

Жұмыс кестесі

Дүйсенбі/Жексенбі: 09:00-18:30

Түскі үзіліссіз/демалыссыз

Кері байланыс

Тел/факс: +7 702 059 7858

E-mail: museumsaraishik@mail.ru