Ортағасырлық Сарайшық – Қазақ елінің астанасы
"Сарайшық" мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы"

Алғыс білдіру

“Сарайшық” мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының Сапар орталығында қазан айында қойылған “Жемнің лебі” атты аудан суретшілер көрмесі жоғарғы деңгейде өтті. Көрмеге өз туындыларын қойған суретші - график, "Қол өнер дауысы" өнер фестивалінің Гран При иегері - Уразғалиев Рзабай, мүсінші, Қазақ өнерінің қайраткері, ҚР суретшілер және дизайнерлер Одақтарының мүшесі - Мәтениязов Серік Қамидоллаұлы, суретші, ҚР суретшілер және дизайнерлер Одақтарының мүшесі - Мамырова Ләззат Оңғарқызы, аудандық музейде жөндеуші - суретші, аудандық көрменің дипломанты - Қыдыров Қосқұлақ Қайрошұлы, суретші, облыстық фестивальдің жеңімпазы - Дәумегенов Бағытжан Баққараұлы, өнер мектебінің мұғалімі, облыстық фестивальдің Гран При иегері - Елтезерова Нұргүл Қадірқызы, графика дизайнері, жас техниктер станциясында үйірме жетекшісі, облыстық қолөнершілер байқауының лауреаты - Шалабаев Қуаныш Шалабайұлы, 13 орта мектепте сурет пәнінің мұғалімі, республикалық, облыстық конкурстардың жеңімпазы - Мақсотова Нұрила Ғабиденқызына музей-қорық ұжымы алғысын білдіре отырып, еңбектеріңізге шабыт, жаңа шығармашылық табыстар тілейді.

Жұмыс кестесі

Дүйсенбі/Жексенбі: 09:00-18:30

Түскі үзіліссіз/демалыссыз

Кері байланыс

Тел/факс: +7 702 059 7858

E-mail: museumsaraishik@mail.ru