Ортағасырлық Сарайшық – Қазақ елінің астанасы
"Сарайшық" мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы" РМҚК
Виртуалды тур

Сібір татарларымен меморандум жасалды

«Сарайшық» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы биыл РФ Тюмень облысы «Наследие» аймақтық татарлардың қоғамдық ұйымымен байланыс жасап, мәдени қарым-қатынас орнату барысында жұмыстар жүргізді. Сібір татарларының арнайы шақырумен 6-8 тамыз күндері РФ Түмен облысы Тоболск каласында сібір татарларының 13-ші халықаралық "Искер-жыен" фестиваліне Сарайшық музейінің өкілі Т.Мұғиев қатынасып, Сарайшықпен байланысқан Қазақ хандығының, Ноғай ордасының Сібір хандығымен, оның астанасы Искер қаласымен тарихи-мәдени байланысы туралы баяндаған болатын. Сібір татарларымен мәдени байланыс жалғасуын көздеп, РФ Тюмень облысы «Наследие» аймақтық татарлардың қоғамдық ұйымымен ынтымақтастық меморандумы жасақталды.

Жұмыс кестесі

Дүйсенбі/Жексенбі: 09:00-18:30

Түскі үзіліссіз/демалыссыз

Кері байланыс

Тел/факс: +7 702 059 7858

E-mail: museumsaraishik@mail.ru