Ортағасырлық Сарайшық – Қазақ елінің астанасы
"Сарайшық" мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы" РМҚК
Виртуалды тур

"Уфа қаласының тарихы" музейімен келісімшарт жасалды

2021 жыл 26 мамырда «Сарайшық» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы алдын-ала жүргізілген келісім бойынша Башқұртстан Республикасы Уфа қаласының қалалық округінің муниципалды бюджеттік мекемесі «Уфа қаласының тарихы» музейімен тікелей эфирде кездесу өткізді. Кездесу барысында музей басшылары Ә.Мұқтар мен Т.Ильясов бірігіп атқарылатын жұмыстарды талқылады. Тарих ғылымдарының кандидаты Тимур Тагирұлы «Уфа қаласының тарихы» музейіне қысқаша шолу жасап, соңынан музейге онлайн-экскурсия жасалды. Кездесу соңында музей басшылары тікелей эфирде өзара ынтымақтастық келісімшартына қол қойды.

Жұмыс кестесі

Дүйсенбі/Жексенбі: 09:00-18:30

Түскі үзіліссіз/демалыссыз

Кері байланыс

Тел/факс: +7 702 059 7858

E-mail: museumsaraishik@mail.ru