Ортағасырлық Сарайшық – Қазақ елінің астанасы
"Сарайшық" мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы" РМҚК
Виртуалды тур

«Сарайшық» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы мен Мәскеудегі ГУЛАГ тарихы музейі ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды

26 наурызда ГУЛАГ тарихы музейіне Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Ермек Беделбайұлы Көшербаев келді. ГУЛАГ тарихы музейінің директоры Роман Владимирович Романов бұл ынтымақтастық жөнінде елшіге айтып берді. Ынтымақтастық екі тарап үшін де жемісті болады деп санаймыз. Қазіргі кезде «Сарайшық» музей-қорығы «ГУЛАГ жүйесіндегі Прорва және Астрахань лагерлері (1932-1950 жж.): «тарих, естелік, тағылым» гранттық жобасын іске асыруда, осы жоба аясында ГУЛАГ тарихы музейімен бірлескен көрме өткізу жоспарланып отыр. Гранттық жобаға ГУЛАГ тарихы музейі директорының ғылыми жұмыстар бойынша орынбасары, т.ғ.д. Г.М. Иванова қатысуда.

Жұмыс кестесі

Дүйсенбі/Жексенбі: 09:00-18:30

Түскі үзіліссіз/демалыссыз

Кері байланыс

Тел/факс: +7 702 059 7858

E-mail: museumsaraishik@mail.ru