Ортағасырлық Сарайшық – Қазақ елінің астанасы
"Сарайшық" мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы" РМҚК
Виртуалды тур

«Сарайшық» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығына келген шетелдік ғалымдар

Сарайшық мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы ашылғаннан бері, ортағасырлық сарайшық қалашығын көруге әлемнің түкпір-түкпірінен белгілі ғалымдар және туристер легі таусылған емес. Олардың қатарында, АҚШ, Еуропа елдері, Жапония, Қытай, Түркия және Ресей елдерінен келушілер көп. Атап айтсақ, 2018 жылы Токио қаласындағы Риккио университетінің профессоры, Жошы ұлысы, Алтын Орда тарихының профессоры Йоккаичи Ясухиро, Түрік Республикасы Анкара университеті профессоры, тарихшы ғалым, ортағасырлар тарихының маманы Абдуллах Гюндогду, Түркия қаласы, Ниде университінің профессоры Аднан Горю, Кембридж университетінің профессоры Туралай Кенг, Анкара университеті , тарих ғылымдарының кандидаты, PhD Серхан Чынар және де Ресей ғылым академиясы Дағыстан Республикасының тарих, археология және этнография орталығының профессоры, тарих ғылымдарының докторы Даниял Кидирниязов секілді ғалымдарымыз келген болатын. Бүгінде музей-қорық шетелдегі музейлермен қарым-қатынас орнатуда. Соның ішінде әлемде тараған Сарайшықтың жәдігерлерін анықтау жұмыстары қолға алынды.

Жұмыс кестесі

Дүйсенбі/Жексенбі: 09:00-18:30

Түскі үзіліссіз/демалыссыз

Кері байланыс

Тел/факс: +7 702 059 7858

E-mail: museumsaraishik@mail.ru