Ортағасырлық Сарайшық – Қазақ елінің астанасы
"Сарайшық" мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы" РМҚК
Виртуалды тур

"Теңізшевройл" ЖШС-інде көрме ұйымдастырылды

18 мамыр күні - Халықаралық музейлер күніне орай «Сарайшық» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының Атырау қаласы «Теңізшевройл» ЖШС кеңсесінде «Жібек жолы тармағындағы Сарайшық (XIII – XV ғғ)» тақырыбымен жылжымалы көрмесі өтті. Алтын Орданың кезінде үш ғасырдан астам, Ноғай Ордасы кезеңінде екі ғасырға жуық Сарайшық арқылы өткен Ұлы Жібек жолы керуені қала дамуына өз ізін қалдырды. Оған дәлел археологиялық қазба жұмыстары барысында табылған  шет жерден келген бұйымдар. Табылған жәдігерлер  қала мәдениетінің жоғары деңгейде дамығанын көрсетеді. Оны көрмеге қойылған жәдігерлерден көре аламыз. Биыл алғаш рет көрмеге шығарылған Сарайшық тиындарының коллекциясы да зор қызығушылыққа ие болды.

Жұмыс кестесі

Дүйсенбі/Жексенбі: 09:00-18:30

Түскі үзіліссіз/демалыссыз

Кері байланыс

Тел/факс: +7 702 059 7858

E-mail: museumsaraishik@mail.ru