Ортағасырлық Сарайшық – Қазақ елінің астанасы
"Сарайшық" мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы" РМҚК
Виртуалды тур

"Сарайшық аңыздары" көрмесі қойылды

2022 жылғы 16-20 ақпан аралығында "Сарайшық" мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы" қорындағы көркемсурет туындылары Атырау қаласында "Ait gallery" заманауи өнер галереясында көрмеге қойылды. Көрменің ашылуында музей-қорық директорының орынбасары А. Тұрарұлы сөз сөйлеп, көрмені тамашалаушыларға мәдениетіміздің ажырамас бөлігі саналатын өнер туындыларының маңызы туралы айтып берді. Жәдігерлермен таныстырушы Т. Мұғиев көрмеге келушілерге әр туындыны таныстырып, толыққанды мәліметтер берді. 

 

Жұмыс кестесі

Дүйсенбі/Жексенбі: 09:00-18:30

Түскі үзіліссіз/демалыссыз

Кері байланыс

Тел/факс: +7 702 059 7858

E-mail: museumsaraishik@mail.ru