Бүгін, 2025 жылдың 17 сәуір күні Атырау облысы Тарихи-мәдени мұраны зерттеу орталығының көрмесі "Сарайшық" сапар орталығына қойылды. Тарихи-мәдени мұраны зерттеу орталығының басшысы Толыбай Достыбаев бүгінгі ғылыми кеңеске қатысқан ғалымдарға көрмені таныстырып, тарихи мұраның сақталуы мен ескерткіштердің маңыздылығы туралы ақпарат берді.