Ортағасырлық Сарайшық – Қазақ елінің астанасы
"Сарайшық" мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы" РМҚК

көрме “Сармат алтындары”

Бүгін, Атырау облыстық тарихи-өлкетану музейінің ұйымдастыруымен 2023-2024 жылдары Қарабау, Қарақұдық обаларына жүргізілген археологиялық қазба жұмыстары нәтижесінде табылған жәдігерлерден “Сармат алтындары” атты көрме өтті. Көрме витриналарына ерте темір кезеңінің обаларынан табылған көшпелілердің аң стилінде жасалған алтын жапсырмалары, білезіктер, сырғалар, қола айналар және ағаш, сүйектен жасалған бұйымдар қойылған. Көрме ерте темір кезеңінде біздің өлкемізді мекендеген сармат тайпаларының мәдениетінен, көшпелілердің далалық өркениетінің жетістіктерінен жан-жақты хабар береді. Жүргізілген зертеу жұмыстарын Қазақстан археология ғылымына қосылқан сүбелі үлес деп атап өтуге болады. Музей-қорық ұжымы жерлес ғалымдарға, археологтарға, тарихшыларға жетістіктерімен құттықтай отырып, табыс тілейді.

 

Жұмыс кестесі

Дүйсенбі/Жексенбі: 09:00-18:30

Түскі үзіліссіз/демалыссыз

Кері байланыс

Тел/факс: +7 702 059 7858

E-mail: museumsaraishik@mail.ru