Астана қаласында «Сарайшық» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының Жошы Ұлысының 800 жылдығына арналған көрмесін Елорда тұрғындары мен қала қонақтары тамашалауда. Көрме қараша айының 23-не дейін жалғасады.
Сонымен қатар көрмеде «Ұлытау» мемлекеттік тарихи-мәдени және табиғи музей-қорығы, Қарағанды облыстық тарихи-өлкетану музейі, Жезқазған қаласындағы Сәтбаев музейі, Қолжазбалар және сирек кітаптар ұлттық орталығынан жәдігерлер мен тарихи қолжазбалар қойылды.
