17 маусымда Ш. Уалиханов атындағы тарих және этнология инситутының ұйымдастыруымен "Атырау облысы тарихының өзекті мәселелері" атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті. Онлайн режимде өткен шараға "Сарайшық" музей-қорығының директоры, т.ғ.д., профессор Әбілсейіт Мұқтар қатысып, ортағасырлық Сарайшық қаласының еліміз тарихындағы маңызы туралы баяндама оқыды. Гранттық жоба негізінде жарық көретін "Атырау облысының тарихы" үш томдығын дайындауға арналған шараға Алматы, Нұр-Сұлтан, Атырау, Орал, т.б.қалалардан тарихшы ғалымдар талқылауға қатысты.