2022 жылғы 9 маусымда "Сарайшық" мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының кіші ғылыми қызметкері Ж.Байгалиев «Отырар» мемлекеттік археологиялық музей-қорығы ұйымдастырған "Қолөнер-халық қазынасы" атты республикалық қолөнер шеберлері жәрмеңкесіне қатысты. Жәрмеңкеде республикамызға белгілі ағаш, терімен айналысатын шеберлер, тігіншілер мен зергерлер өз өнер туындыларымен қатысуда.