2022 жылғы 4 мамырда "Сарайшық" мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының өкілдері өңіріміздегі жетекші оқу орыны Х. Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің бітіруші түлектерін жұмысқа орналастыру мақсатында ұйымдастырылған "Бос жұмыс орындар жәрмеңкесі" шарасына қатысты. Жәрмеңкеде музей-қорықтағы бос жұмыс орындарына университет түлектерін шақыру үгіт-насихат жұмыстары жүрді.