Қазақстан халқы бірлігі күнін мерекелеу аясында "Сарайшық" мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы Атырау облысы әкімдігі "Қоғамдық келісім" КММ-нің Ұйғыр этно-мәдени бірлестігінің ұйымдастыруымен келген бір топ қонақтарды қабылдады. "Қоғамдық келісім" КММ-нің Махамбет ауданы бойынша өкілі, аудандық мәдениет, спорт және ішкі саясат бөлімі, Сарайшық ауылдық мәдениет үйінің қолдауымен меймандарға музейге саяхат жасалған соң, Сарайшық ауылдық мәдениет үйінде концерттік бағдарлама ұсынылды. Шара соңында Ұйғыр этномәдени бірлестігінің басшысы Г.Имирова барлық ұйымдастырушыларға ризашылығын білдірді.