«МУЗЕЙГЕ – СЫЙ» АКЦИЯСЫ АЯСЫНДА ҚОРЫМЫЗ ҚҰНДЫ ЖӘДІГЕРЛЕРМЕН ТОЛЫҚТЫ!

«Сарайшық» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығында дәстүрлі «Музейге – сый» акциясы сәтті жалғасуда. Жақында музей қорына өлкеміздің төл тарихы мен этнографиясынан сыр шертетін, ұрпақтан-ұрпаққа жалғасқан отбасылық жәдігерлер табысталды.
Құнды дүниелерді музей-қорықтың ғалым хатшысы А. Жұмабаев арнайы жеткізіп, қорға тапсырды:
Бұл жәдігерді Атырау қаласының тұрғыны Гүльмира Зиноллақызы Тулешева тарту етті. Текеметті кезінде Гүльмира Зиноллақызының нағашы әжесі өз қолымен қызы Аманқызға (тапсырушының анасына) арнап басқан. Қошқармүйіз өрнектерімен көмкерілген көне киіздің төменгі бөлігінде иесінің құрметіне «Аман» деген жазу басылған. Бұл — ананың қызына деген махаббаты мен қазақтың төл қолөнерінің шеберлігін айғақтайтын бірегей мұра.
Халқымыздың дәстүрлі ағаш ұсталығы мен шаруашылық тұрмысынан хабар беретін бұл көне құрал-саймандарды Астрахань қаласының тұрғыны Ғаділбек Құдырбаев музей қорына сыйға тартты.
Құрметті оқырмандар! Егер сіздің де шаңырағыңызда тарихтан сыр шертетін көне бұйымдар, құжаттар немесе этнографиялық жәдігерлер болса, «Музейге – сый» акциясына қатысып, олардың мәңгілік сақталуына үлес қосуға шақырамыз!



