Medieval Saraishyq - the capital of the Kazakh Khanate
RSPE State Historical and Cultural Museum-Reserve "Saraishyq"

Қасым ханның туғанына 580 жылдығына арналған республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция

2025 жылғы 14 қарашада “Сарайшық” сапар орталығында «Сарайшық» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы» РМҚК мен Махамбет аудандық білім бөлімі ұйымдастыруымен қазақтың данқты ханы Қасым ханның туғанына 580 жылдығына арналған «Қазақ хандығы Қасым хан тұсында: тарих пен археологиялық зерттеулер тоғысуы» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті. Алғы сөзді музей-қорық директоры, тарих ғылымдарының докторы, профессор Әбілсейіт Мұқтар сөйлеп, конференция жұмысына сәттілік тіледі. Конференцияда Абай атындағы Қазақ ұлттық университетінің профессоры, тарих ғылымдарының кандидаты Н. Атығаев “Қасым хан туралы архивтік деректер”, Атырау облыстық тарихи-өлкетану музейінің аға ғылыми қызметкері, тарих ғылымдарының кандидаты М.Касенов “Қасым хан кесенесі”, «Қазқайтажаңарту» РМК мекемесінің маманы Н.Бекбергенов “Ортағасырлық Сарайшықтағы «Хан моласын» қайта жаңарту жұмыстары”, Астана халықаралық университетінің оқытушысы, PhD С. Есен “Алтын орда дәуірінің жерлеу ескерткіштерін зерттеудің жаңа бағыттары”, М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университетінің аға оқытушысы, PhD Д. Сагидуллаев “Батыс Қазақстан облысындағы Алтын Орда ескерткіштері және байланыс жолдары”, “Сарайшық” музей-қорығының археологтары А. Тұрарұлы “Қасым ханның жерленген орнын іздеу және оның нәтижелері “, А. Жұмабаев “Ұшқан, Ащысай, Қарағайлы ескерткіштеріндегі 2025 жылы жүргізілген қазба жұмыстары”, Ж. Байгалиев “Сарайшық ескерткішіндегі №6 қазба орынындағы жұмыстар”, Қ. Ахмедияров атындағы орта мектептің тарих пәні мұғалімі Д. Дощатов “Қасым ханның қасқа жолы – дәстүрлі құқықтық жүйенің бастауы (Қазақ құқықтық жүйесінің тарихы мен маңызына шолу)”, А. Өтегенова “Қасым ханның 580 жылдығы және жас ұрпақтың тарихи тұлғаларға қызығушылығы” тақырыптарында баяндама жасады. Конференция Қасым хан тарихын жан-жақты зерделеуге, Сарайшықтағы археологиялық зерттеулердің маңызын арттыруға және тарихи сананы қалыптастыруға ықпал етті.Қатысушылар өткізілген шараға оң баға беріп, өз пікірлерімен бөлісті. Конференциядан кейін, музей-қорық қызметкерлері барлық қатысушыларды ортағасырлық Сарайшық қаласы орнына саяхатқа апарып, музей экспозициясымен таныстырды.

Work schedule

Monday/Sunday: 09:00-18:30

No lunch / days off

Attention:

Excursions on Saturdays, Sundays, and public
holidays start from the “Saraishyq” visitor center.

Feedback

Tel/Fax:+7 702 059 7858

E-mail: museumsaraishik@mail.ru