Medieval Saraishyq - the capital of the Kazakh Khanate
RSPE State Historical and Cultural Museum-Reserve "Saraishyq"

Хұм (Үлкен құмыра)

Балық шаруашылығына қатысты кешен аумағынан жерге көмілген күйде табылған, археологтар "хұм" деп атайтын қалың қабырғалы ірі қыш ыдыстар анықталды. Жалпы кешеннен 7 хум тіркелді. Хұмдардың ішкі бетінде ақ түсті тұз қабығы іздерінің сақталуы олардың балық өнімдерін сақтау үшін пайдаланылғанын көрсетеді. Кешен сауда қызметімен байланысты болғанын аңғартады. Хұмдар негізінен азық - түлік (бидай, тары, ұн) пен әртүрлі сұйықтықтарды (май, шарап) сақтау мақсатында қолданылған. Олар ортағасырлық қалалардың шаруашылық жүйесін сипаттайтын маңызды археологиялық нысандардың бірі болып табылады. Хұмды қалпына келтірген - "Сарайшық" музей-қорығының жәдігерлерді қалпына келтіруші маманы - суретші Отарбай Қанатұлы Кендір.

Work schedule

Monday/Sunday: 09:00-18:30

No lunch / days off

Attention:

Excursions on Saturdays, Sundays, and public
holidays start from the “Saraishyq” visitor center.

Feedback

Tel/Fax:+7 702 059 7858

E-mail: museumsaraishik@mail.ru