АСТАНА КҮНІНЕ ОРАЙ: «САРАЙШЫҚ» МУЗЕЙ-ҚОРЫҒЫНДА ЕРЕКШЕ КӨРМЕ ӨТТІ!
Елорда күні мерекесіне орай «Сарайшық» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығында Ұлы Жібек жолының бойындағы ірі мәдени әрі саяси орталық — Сарайшық қаласының тарихына арналған мерекелік іс-шара мен көрме жоғары деңгейде ұйымдастырылды.Көрмеге келген қонақтар мен тарих сүйер қауым ерекше экспозицияларды тамашалады:
Тарихи жәдігерлер бөлімінде: Көне шаһардың өткенінен, саяси маңызынан сыр шертетін сирек кездесетін, құнды архивтік құжаттар көпшілік назарына ұсынылды.
Арнайы коллекция айдарында: Музей ардагері Ж. Ғизатовтың музей қорына өз қолымен сыйға тартқан, өткен ғасырдың белгісіндей болған бірегей фотоаппараттары мен суретке түсіру құрал-жабдықтары келушілердің ерекше қызығушылығын тудырды.
Ғасырлар тарихы мен фотоөнер тоғысқан бұл көрме жиналған қауымға ерекше әсер сыйлап, Ұлы даланың ұлы тарихын тағы бір мәрте жаңғыртуға мүмкіндік берді. Шараға қатысып, тарихи мұрамызды ұлықтауға атсалысқан барша қонақтарға шынайы алғысымызды білдіреміз!
Work schedule
Monday/Sunday: 09:00-18:30
No lunch / days off
Attention:
Excursions on Saturdays, Sundays, and public holidays start from the “Saraishyq” visitor center.