Бүгін, 2025 жылдың 28 сәуір күні Ресей Федерациясы, Астрахань облысы, Володар ауданы, Алтынжар ауылындағы Құрманғазы атындағы өңірлік мәдени орталығында "Сарайшық" музей-қорығының "Ұлы Жібек жолындағы ортақ тарихи-мәдени мұралар" атты көшпелі көрмесінің ашылуы өтті. Көрменің ашылу салтанатында музей-қорықтың директор орынбасары Ж.Диярова сөз сөйлеп, көрмені ұйымдастыруға қолдау көрсеткені үшін Құрманғазы атындағы өңірлік мәдени орталығының директоры Әбілғазиев Амангелді Геннадиевичке Алғыс хат ұсынды.