Medieval Saraishyq - the capital of the Kazakh Khanate
RSPE State Historical and Cultural Museum-Reserve "Saraishyq"

Альбарелло. ХІІІ-ХІV ғғ.

Олар цилиндр пішіндес болып келеді (кейін күрделі формаларда да жасалды), табаны аласа сақина тәріздес, құлағы мен қақпақтары болмайды. Альбареллоның қақпағы орнына бетін дөңгелек етіп пергаментпен немесе матамен жауып, жіппен байлап тастаған. Ыдыс дәрілік майларды, шөптерді және дәрмектердісақтауға арналған.
Алтын Ордалық альбарелло пішіні бойынша цилиндр тәрізді, кейде денесінің ортасында сәл тартылған, сақиналы табанда орналасқан ұзын, жіңішке ыдыстар. Көп жағдайда, альбарелло су өткізбейтін глазурьмен сырланған.
Альбарелло ортағасырлық мұсылман елдерінде Алтын Ордаға дейінгі кезеңде болғаны белгілі. И. В. Волковтың пікірінше, "альбарелло" сөзі Еуропада испан морискасынан шыққан итальян тілінен тараған. Сөздің өзі араб тілінен шыққан, мұнай өлшемінің атауы – баррельмен түбірі бір.
Испан морискалары католик дінін қабылдаған испан мұсылмандары.

 

Work schedule

Monday/Sunday: 09:00-18:30

No lunch / days off

Attention:

Excursions on Saturdays, Sundays, and public
holidays start from the “Saraishyq” visitor center.

Feedback

Tel/Fax:+7 702 059 7858

E-mail: museumsaraishik@mail.ru