Нашар көретіндерге арналған нұсқа:
SaraishyQ
Ортағасырлық Сарайшық – Қазақ елінің астанасы
«Сарайшық» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы» РМҚК

Сарайшық археологтары Астрахан облысында.

Сарайшық археологтары Астрахан облысында.

2026 жылғы 16–17 қазан күндері «Сарайшық» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының археологтары Ресей Федерациясының Астрахан облысы аумағында орналасқан Алтын Орда кезеңіне жататын ортағасырлық қалашықтарда болды.

Сапардың негізгі мақсаты – Алтын Орда дәуіріндегі қалалардың археологиялық зерттелу барысымен танысу, соңғы жылдары жүргізілген қазба жұмыстарының нәтижелерін зерделеу және тарихи-мәдени мұра нысандарын зерттеу мен сақтау бағытындағы тәжірибе алмасу.

Сапар барысында музей-қорық мамандары тарихи ескерткіштер аумағында жүргізілген археологиялық қазба орындарын аралап, зерттеу жұмыстарының нәтижелерімен танысты. Сонымен қатар археологиялық нысандардың құрылымдық ерекшеліктері, ортағасырлық қала мәдениетінің іздері мен материалдық мәдениет ескерткіштеріне қатысты қажетті ғылыми материалдар жинақтады.

Аталған сапар Қазақстан мен Ресей аумағында орналасқан Алтын Орда дәуірінің қалалары арасындағы тарихи-мәдени байланыстарды тереңірек зерделеуге, археологиялық зерттеулердің нәтижелерін салыстырмалы тұрғыдан қарастыруға және ғылыми ізденістердің жаңа бағыттарын айқындауға мүмкіндік береді.

Ортағасырлық Сарайшық қаласы мен Еділ бойындағы Алтын Орда қалалары – ортақ тарихи кезеңнің маңызды мұралары. Оларды кешенді зерттеу Алтын Орда дәуіріндегі қала мәдениетінің дамуын, сауда-экономикалық байланыстарды және аймақтар арасындағы тарихи сабақтастықты тануға үлес қосады.