Нашар көретіндерге арналған нұсқа:
SaraishyQ
Ортағасырлық Сарайшық – Қазақ елінің астанасы
«Сарайшық» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы» РМҚК
Көрме20.07.2026

САРАЙШЫҚТА ДОМБЫРА КҮНІ: «ҚОС ІШЕКТІҢ ҚҰДІРЕТІ» АТТЫ САЗДЫ КЕШ ӨТТІ

САРАЙШЫҚТА ДОМБЫРА КҮНІ: «ҚОС ІШЕКТІҢ ҚҰДІРЕТІ» АТТЫ САЗДЫ КЕШ ӨТТІ

Ұлттық домбыра күні аясында «Сарайшық» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы ауылдық мәдениет үйімен бірлесіп «Қос ішектің құдіреті» атты мерекелік сазды бағдарлама ұйымдастырды. Шара барысында «Жұлдыз» өнер мектебінің дарынды шәкірттері күмбірлеген күй төгіп, жиналған қауымға мерекелік көңіл-күй сыйлады.

Мерекенің басты жаңалығы ретінде музей-қорық тарапынан белгілі өлке тарихының жанашыры, танымал күйші Қуанғали Қаштеұлы Жұмалиевтің жеке заттарының арнайы көрмесі таныстырылды. Көрмеге өнер иесінің тарихи маңызы бар бірегей мұралары қойылды.

• Ұлылықтың ізі: Күйшінің атақты күй атасы Құрманғазы Сағырбайұлының нақты туған жылын анықтауға арнаған көпжылдық зерттеу еңбектерінің нәтижесі;

• Музыкалық мұра: Қ. Жұмалиевтің төл күйлері жазылған үнтаспа (винилді пластинка) мен байырғы музыка ойнатқышы;

• Қасиетті жәдігер: Өнерпаздың оркестр құрамында өнер көрсеткенде киген сахналық киімі мен киелі домбырасы.

Ұлттық өнерді ұлықтап, тарихты түгендеген күйшінің мұрасымен танысуға келген қонақтар көрмені жоғары бағалады.

Күй құдіреті Сарайшық аспанында асқақтай бермек!