«КЕСКІНДЕМЕ КЕҢІСТІГІ» КӨРМЕСІНІҢ АШЫЛУ САЛТАНАТЫ ӨТТІ

🔸«Сарайшық» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығында Атырау облысы Шаймардан Сариев атындағы көркемсурет және қолданбалы-сәндік өнер музейінің ұйымдастыруымен «Кескіндеме кеңістігі» атты көрменің ашылу салтанаты өтті.
🔸Шараның негізгі мақсаты – Қазақстан бейнелеу өнерін кеңінен насихаттау, музей қорындағы құнды туындыларды көпшілікке таныстыру, қылқалам шеберлерінің шығармашылығын дәріптеу және келушілерге рухани-мәдени тағылым сыйлау.
🔸Көрменің ашылу рәсімінде «Сарайшық» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының ғалым хатшысы Амангелді Жұмабаев қатысушыларды құттықтап, шараға сәттілік тіледі. Сондай-ақ, Атырау облысы Шаймардан Сариев атындағы көркемсурет және қолданбалы-сәндік өнер музейі басшысының орынбасары Махамбет Орынғалиұлы құттықтау сөз сөйлеп, музейлер арасындағы мәдени байланысты нығайтуға қосқан үлесі үшін алғыс хат табыстады.
🔸Көрмеге қойылған туындылар арқылы келушілер бейнелеу өнерінің терең мазмұнына бойлап, суретшілердің шығармашылық әлемімен жақынырақ танысуға мүмкіндік алды.




