Нашар көретіндерге арналған нұсқа:
SaraishyQ
Ортағасырлық Сарайшық – Қазақ елінің астанасы
«Сарайшық» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы» РМҚК
Көрме27.02.2025

«Алтын Орда (Жошы Ұлысы) кезеңінің тарихи-мәдени мұрасы» көрмесі

«Алтын Орда (Жошы Ұлысы) кезеңінің тарихи-мәдени мұрасы» көрмесі

2025 жылдың 20 ақпанында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік орталық музейінде «Алтын Орда (Жошы Ұлысы) кезеңінің тарихи-мәдени мұрасы» көрмесі өтті. Көрменің мақсаты – Қазақстанды Алтын Орда (Жошы ұлысы) империясының мұрагері ретінде және сол кезеңнің бай тарихи-мәдени мұрасын сақтап отырған мемлекет ретінде өз елімізде және халықаралық аренада таныту, Қазақстан тарихи-мәдени мұрасының маңыздылығын дәріптеу. Көрмеде «Сарайшық» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік орталық музейі, «Ұлытау» ұлттық тарихи-мәдени және табиғи музей-қорықтарының Алтын Орда дәуіріне тәң ерекше жәдігерлері қойылған. Көріңіздер, тамашалаңыздар!