Нашар көретіндерге арналған нұсқа:
SaraishyQ
Ортағасырлық Сарайшық – Қазақ елінің астанасы
«Сарайшық» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы» РМҚК
Көрме27.10.2024

«Жошы Ұлысы Алтын Орда кезеңінің тарихи-мәдени мұрасы» көрмесі

«Жошы Ұлысы Алтын Орда кезеңінің тарихи-мәдени мұрасы» көрмесі

2024 жылдың 23 қазанында  Астана қаласында «Сарайшық» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы «Ұлытау» мемлекеттік тарихи-мәдени және табиғи музей қорығымен бірлесе Жошы Ұлысының 800 жылдығына орай ұйымдастырылған «Жошы Ұлысы Алтын Орда кезеңінің тарихи-мәдени мұрасы» көрмесінің ашылу салтанаты өтті.

🔸Құттықтау сөзді ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Мәдениет комитеті төрағасының орынбасары Айдын Боранбайұлы Капашев сөйледі.

🔸Көрмеде ортағасырлық Сарайшықта табылған Алтын Орда кезеңінің жәдігерлері қойылды. Келген қонақтарға көрмені музей-қорықтың директор орынбасары Ж. Диярова таныстырды.

🔸Сонымен қатар, көрмеге Қарағанды облыстық тарихи-өлкетану музейі, Жезқазған қаласындағы Сәтбаев музейі, Қолжазбалар және сирек кітаптар ұлттық орталығынан жәдігерлер мен тарихи қолжазбалар қойылды.

🔸Көрме 2024 жылдың 23 қарашасына дейін ҚР Қарулы күштерінің Әскери-тарихи музейінде болады.