Нашар көретіндерге арналған нұсқа:
SaraishyQ
Ортағасырлық Сарайшық – Қазақ елінің астанасы
«Сарайшық» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы» РМҚК
Көрме29.03.2020

№4 арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы (жылжымалы көрме)

№4 арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы (жылжымалы көрме)

2019 жылдың 10-сәуір күні «Сарайшық» мемлекеттік тарихи – мәдени музей-қорығы «Ортағасырлық Сарайшық: Қазақ Елінің астанасы» атты жылжымалы көрмесі №4 Арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығына келіп, мұндағы жасы үлкен кісілерге және Атырау Ардагерлер кеңесі өкілдеріне қала тарихы жайлы сыр шертетін жәдігерлер ұсынылды. Көрмеде археологиялық зерттеулер нәтижесінде табылған қыш-құмыралар, су және кәріз құбырлары, тиындар, сонымен қатар зергерлік бұйымдары орын алды. Көрмені мекеме жұмысшыларымен қосып есептегенде 40 жуық адам тамашалады.