Нашар көретіндерге арналған нұсқа:
SaraishyQ
Ортағасырлық Сарайшық – Қазақ елінің астанасы
«Сарайшық» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы» РМҚК
Көрме28.03.2022

Сарайшық көрмесі Ортақшыл ауылында

2022 жылғы 25 наурызда «Сарайшық» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы Ортақшыл ауылдық округі тұрғындарына «Ортағасырлық Сарайшық – Қазақ елінің астанасы» көшпелі көрмесін ұсынды. Көрме барысында қазақ халқының салт-дәстүрін, Сарайшық қаласының тарихын танытатын жәдігерлер: қыш-құмыралар, мыс тиындар, зергерлік бұйымдары, сүйек бұйымдары және этнографиялық бұйымдар көпшілікке таныстырылды.