Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университеті Хабаршысына мақала жарияланды
ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің Мәдениет комитеті «Сарайшық» музей-қорығының бас инспекторы А.Тұрарұлы мен ғылыми қызметкер А. Жұмабаев “Қазақстанның батыс өңіріндегі алтынордалық қалалар, көне керуен жолдары және керуен-сарайлар: пәнаралық зерттеулер (ХІІІ-ХV ғғ.)» ғылыми жобасы шеңберінде «Ортағасырлық Сарайшықтағы 2021 жылғы археологиялық жұмыстар» атты мақала дайындап, ол Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университеті Хабаршысының 2021 жылғы №3 санында жарық көрді. Мақалада ортағасырлық Сарайшық қаласы аумағындағы №3 қазба орнында жүргізілген зерттеу жұмыстары сараланады. Мақала Сарайшықты зерттеушілер, қала тарихына қызығушылық танытқан көпшілік қауымға арналған.
Сілтеме: https://www.vestnik-asu.kz/jour/article/view/514/229



