Нашар көретіндерге арналған нұсқа:
SaraishyQ
Ортағасырлық Сарайшық – Қазақ елінің астанасы
«Сарайшық» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы» РМҚК

“Отан тарихы” журналына мақала жарияланды

ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің Мәдениет комитеті «Сарайшық» музей-қорығы қызметкерлері Ә. Мұқтар, Ұ. Ахметова, А.Жұмабаевтың «ГУЛАГ жүйесіндегі Прорва және Астрахань лагерлері: «тарих, естелік, тағылым (1932-1950 жж.)» ғылыми жобасын орындау барысында даярлаған «Прорва – Астрахань лагерлері тарихы архив деректерінде (1932-1950 жж.)» атты мақаласы «Отан тарихы» журналының 2021 жылғы №4 санында жарық көрді. Мақала бүгінге дейін зерттелмеген, тарихи құжаттары әлі ғылыми айналымға енбеген ГУЛАГ жүйесіндегі Прорва-Астрахань еңбекпен түзету лагерінің тарихына арналған. Лагерьдің тарихы Ресей Федерациясы мемлекеттік архиві, Ресей Федерациясы Астрахань облысы Ішкі Істер министрлігінің Ақпараттық орталығы жанындағы арнайы архиві, Атырау облысы мемлекеттік архиві және Атырау облысы Полиция департаментінің арнайы мемлекеттік архиві құжаттары бойынша талданады. Архив қорларынан Прорва-Астрахань лагерінің Каспий теңізі жағалауында құрылу себептері, орналасу аумақтары, лагерь контингенті туралы материалдар іздестіріліп, тұтқындардың тұрмыстық, әлеуметтік жағдайы зерттелінді. Тақырыптың зерттеу бағыттары айқындалып, зерттеу әдіснамасы, библиографиялық, арнайы ғылыми еңбектер, деректік құжаттар сараланады. “Отан тарихы” журналы ҚР Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласында сапаны қамтамасыз ету комитеті ұсынған ғылыми басылымдар тiзбесіне енген.

Сілтеме: https://otan.history.iie.kz/main/article/view/137/117