Нашар көретіндерге арналған нұсқа:
SaraishyQ
Ортағасырлық Сарайшық – Қазақ елінің астанасы
«Сарайшық» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы» РМҚК

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ТӘЖІРИБЕЛІК КОНФЕРЕНЦИЯҒА ШАҚЫРАМЫЗ!

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ТӘЖІРИБЕЛІК КОНФЕРЕНЦИЯҒА ШАҚЫРАМЫЗ!
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Мәдениет комитетінің «Сарайшық» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы 2026 жылғы 30 қарашада «2026 жылғы археологиялық зерттеу жұмыстары: оның барысы және алғашқы нәтижелері» тақырыбында республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өткізеді. Конференцияның басты мақсаты – 2026 жылы елімізде жүргізілген археологиялық зерттеу жұмыстарының барысы мен нәтижелерін саралау, ғылыми жаңалықтар мен жетістіктерді талқылау, тәжірибе алмасу және археология саласындағы өзекті мәселелерді ортаға салу. 🔹 Кімдер қатыса алады? Конференцияға тарихшылар, археологтар, өлкетанушылар, музей қызметкерлері, докторанттар, магистранттар, студенттер және гуманитарлық ғылымдар саласының өзге де өкілдері шақырылады. 🔹 Конференцияның жұмыс тілдері: қазақ және орыс тілдері. 🔹 Қатысу шарттары: Конференцияға қатысушылар өз баяндамаларын 2026 жылғы 20 қарашаға дейін электрондық түрде Ұйымдастыру алқасына жолдауы қажет. 📩 Баяндамаларды қабылдау және материалдарды жариялау мәселелері бойынша: tarix212@mail.ru 📞 Байланыс телефондары: 8 (71236) 255 06 – «Сарайшық» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы. Жауапты тұлғалар: 📱 +7 708 821 87 80 – Жұмабаев Амангелді 📱 +7 701 333 10 53 – Тұрарұлы Айбек Барша ғылыми қауымдастық өкілдерін, зерттеушілер мен жас ғалымдарды конференция жұмысына белсенді қатысуға шақырамыз! Сарайшық – тарихтың алтын арқауы, ғылыми ізденістің киелі мекені!