Medieval Saraishyq - the capital of the Kazakh Khanate
RSPE State Historical and Cultural Museum-Reserve "Saraishyq"

Ресей Ғылым академиясы Н.Миклухо-Маклай атындағы Этнология және антропология институтында ғылыми-зерттеу жұмыстары жалғасуда

«Сарайшық» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы ғалымдары ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Мәдениет комитетінің 2023-2025 жылдарға арналған BR22082480 «Алтынордалық Сарайшық, Ұшқан, Ащысай, Қарағайлы ескерткіштері тарихи-мәдени мұра контекстісінде (ХІІІ-ХV ғғ.)» бағдарламасының календарлық жоспарына сай Ресей Федерациясы Мәскеу қаласындағы Ресей Ғылым академиясы Н.Миклухо-Маклай атындағы Этнология және антропология институтында ғылыми-зерттеу жұмыстарын жалғастыруда. Зерттеу барысында институттың физикалық антропология бөлімнің жетекші ғылыми қызметкері, тарих ғылымдарының докторы, Алтын Орда маманы Эмма Давидовна Зиливинскаямен кездесіп, пікір алмасылды.  Ғалымдар  соңғы жарық көрген еңбектермен алмасты.

Work schedule

Monday/Sunday: 09:00-18:30

No lunch / days off

Feedback

Tel/Fax:+7 702 059 7858

E-mail: museumsaraishik@mail.ru