Medieval Saraishyq - the capital of the Kazakh Khanate
RSPE State Historical and Cultural Museum-Reserve "Saraishyq"

Ғылыми-техникалық кеңес өтті

“Сарайшық” Сапар орталығында “Ортағасырлық Сарайшықтағы қазбадан табылған нысандарды қайта қалпына келтіру” туралы ғылыми-техникалық кеңес өтті. Кеңеске Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің профессорлары т.ғ.д. Ұ. Ахметова, т.ғ.д, А. Ахмет, ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы Б. Мұхамбетов, археолог А. Зайнов, Ресей Федерациясының археологы, Сарайшықтанушы В. Плахов, Атырау облысы тарихи – мәдени мұраны зерттеу орталығының басшысы Т. Достыбаев, “Қазқайтажаңарту” РМК мекемесінен бас инженер Н. Әскербай, архитектор Н. Жакитов, құрылыс жұмыстарын атқарушы маман Н. Бекбергенов және музей-қорық қызметкерлері қатысты. Кеңес барысында қазбаларда табылған құрылыстарды қалпына келтіру жұмыстары бойынша ұсыныстар көтеріп, консервациялау мәселелері талқыланды.

Work schedule

Monday/Sunday: 09:00-18:30

No lunch / days off

Feedback

Tel/Fax:+7 702 059 7858

E-mail: museumsaraishik@mail.ru