Нашар көретіндерге арналған нұсқа:
SaraishyQ
Ортағасырлық Сарайшық – Қазақ елінің астанасы
«Сарайшық» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы» РМҚК

Алтынордалық құмыра (XIII – XIV ғғ.)

1909 жылы Сарайшықтан табылған алтынордалық құмыра (XIII – XIV ғғ.).

Кұмырада Жүсіп Баласағұнның «Кұтадғу білік» (Кұтты білік) поэмасынан алынған үзінді жазылған:

«Кісі көркі – жүз ол, бұ жүз көркі – көз,

Ауыз көркі – тіл ол, бұ тіл көркі – сөз.

Тағы көркі кісіге – білім һәм өнер,

Жанын құрбан етер білім үшін ер».

Жанына «Бұл күбі ішіне жас кұюға болады» – деп белгісіз шебер өз атынан сөз қосқан.