Нашар көретіндерге арналған нұсқа:
SaraishyQ
Ортағасырлық Сарайшық – Қазақ елінің астанасы
«Сарайшық» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы» РМҚК

Өлкетанушылар 3

Мұстажап Намазғалиев – белгілі өлкетанушы, ұстаз және Сарайшық музейінің негізін қалаушылардың бірі. Ол көне Сарайшық қаласының тарихын зерттеп, археологиялық жәдігерлерді жинаумен айналысты. Оның бастамасымен мектепте тарихи-өлкетану музейі ашылып, кейін ол Сарайшық мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының қалыптасуына негіз болды. Мұстажап Намазғалиев туған өлкенің тарихи мұрасын сақтауға және насихаттауға үлкен үлес қосты.