ҒЫЛЫМИ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ – ТӘЖІРИБЕ АЛМАСУ АЛАҢЫ

«Сарайшық» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы мен Х. Досмұхамедов атындағы Атырау университеті арасындағы келісімшарт аясында музей-қорықтың ғалым хатшысы Амангелді Жұмабаев Х. Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің Х. Табылдиев атындағы Атырау археологиясы, тарихы және этнографиясы ғылыми-зерттеу институтында тәжірибе алмасты.
Тәжірибе алмасу барысында Амангелді Жұмабаев профессор Амангелді Шамғоновпен кездесіп, өлке тарихына қатысты өзекті мәселелер жөнінде пікір алмасты. Сонымен қатар тарихи-мәдени мұраны зерттеу және насихаттау бағытындағы ғылыми ізденістер мен алдағы жұмыстар туралы ой бөлісті.
Мұндай ғылыми кездесулер өңір тарихын тереңірек тануға, зерттеу жұмыстарын жандандыруға және ғылыми мекемелер арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға зор мүмкіндік береді.




