Нашар көретіндерге арналған нұсқа:
SaraishyQ
Ортағасырлық Сарайшық – Қазақ елінің астанасы
«Сарайшық» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы» РМҚК
Көрме18.11.2026

«САРАЙШЫҚ КЕРУЕНІ» АТЫРАУ МЕКТЕПТЕРІНДЕ!

«САРАЙШЫҚ КЕРУЕНІ» АТЫРАУ МЕКТЕПТЕРІНДЕ!

Бүгін «Сарайшық» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының ұйымдастыруымен Атырау қаласындағы №3 мектеп-гимназияда «Сарайшық керуені» атты мобильді көрме өтуде.
Шараның басты мақсаты — өскелең ұрпақты ортағасырлық Сарайшық қаласының бай тарихымен және музей қорындағы бірегей жәдігерлермен жақын таныстыру.
Көрме барысында оқушылар Ұлы Жібек жолы бойындағы ірі саяси-мәдени орталық болған көне шаһардың құпияларына қанығып, археологиялық қазба жұмыстары кезінде табылған құнды артефактілерді өз көздерімен тамашалауда. Музей қызметкерлері әр жәдігердің тарихына терең шолу жасап, оқушылардың сұрақтарына жауап беруде.
Тарихты тану — болашаққа бастар жол! Осындай тағылымды шаралар жас буынның туған өлкеге деген сүйіспеншілігін арттырып, ұлттық құндылықтарды құрметтеуге тәрбиелейді.
«САРАЙШЫҚ КЕРУЕНІ» АТЫРАУ МЕКТЕПТЕРІНДЕ!