Нашар көретіндерге арналған нұсқа:
SaraishyQ
Ортағасырлық Сарайшық – Қазақ елінің астанасы
«Сарайшық» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы» РМҚК

Селадон кесе

Селадон кесе. XIV ғ.

Селадон ыдысы – Қытайда өндірілген жоғары сапалы фарфор бұйымдарының бірі. Селадон – жасылдау түсті мөлдір шыныглазурмен қапталған, ерекше күйдіру технологиясымен жасалатын керамика түрі. Аңызға сәйкес, селадоннан жасалған ыдыстар у қосылған сұйықтықпен байланысқан кезде өз түсін өзгертеді немесе өзі-ақ жарылады деп есептелген. Осы қасиетіне байланысты мұндай ыдыстарды Қытайдың императорлары мен жоғары лауазымды шенеуніктері уланудан сақтану мақсатында пайдаланған – мыс. Селадон бұйымдары тек күнделікті тұрмыста ғана емес, сондай-ақ салтанатты рәсімдерде де кең қолданылған, әрі қытай аристократиясының мәртебесінің символы ретінде бағаланған