Средневековый Сарайшык - столица Казахского ханства
РГКП Государственный историко-культурный музей-заповедник "Сарайшык"

«Алтын Орданың тарихи-мәдени мұралары: қорғау, қайта қалпына келтіру және зерттеу мәселелері» дөңгелек үстелі

2025 жылдың 20 ақпанында ҚР Мемлекеттік орталық музейінде «Сарайшық» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы» РМҚК, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік орталық музейі, Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университеті және «Ұлытау» ұлттық тарихи-мәдени және табиғи музей-қорығы» РМҚК бірлесе «Алтын Орданың тарихи-мәдени мұралары: қорғау, қайта қалпына келтіру және зерттеу мәселелері» тақырыбында республикалық дөңгелек үстел өткізді. Дөңгелек үстел барысында ҰҒА академигі, т.ғ.д., профессор Әл Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің кафедра меңгерушісі Берекет Кәрібаев - “Қазақ хандығының тарихын кезеңдеу мәселелері”, “Қазқайтажаңарту” РМК бас директоры Алмас Әбдібаев - “Алтын Орданың тарихи-мәдени ескерткіштерін қалпына келтіру мәселелері”, т.ғ.д., профессор Мадияр Елеуов - “Ұлы Жібек жолының керуен жолдары, олардың саяси, экономикалық-әлеуметтік маңызы”, т.ғ.д., профессор Абай атындағы Алматы Ұлттық педагогикалық университетінің кафедра меңгерушісі Нұрлан Атығаев - Жошы Ұлысы тарихы бойынша Иран және Түркия кітапханаларындағы кейбір дереккөздер”, т.ғ.д., профеесор “Сарайшық” мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы РМҚК директоры Әбілсейіт Мұқтар - Атырау облысындағы Алтын Орданың тарихи-мәдени мұралары, олардың зерттелуі”, ҚР Ұлттық музейі, Археология және этнография бөлімінің ғылыми қызметкері Архад Молдахмет - “Сырдария өзені төменгі ағысындағы Алтын Орда дәуірі қалалары (фольклорлық және жазба деректер бойынша) атты тақырыптарда баяндамалар жасады. Сондай-ақ, шара барысында т.ғ.к., археолог Құрманбек Жолдасбеков күн тәртібінде көтерілген мәселелер мен зерттеу жұмыстары және оқылған баяндамалар жайында өз пікірін білдірді.
График работы

Понедельник / Воскресенье: 09:00-18:30

Без обеда / выходных

Обратная связь

Тел/факс: +7 702 059 7858

E-mail: museumsaraishik@mail.ru