Ортағасырлық Сарайшық – Қазақ елінің астанасы
"Сарайшық" мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы" РМҚК
Виртуалды тур

Ортағасырлық Сарайшық қайта жаңғырады

30 мамырда Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Мәдениет комитетінің "Қазқайтажаңарту" РМК-ның ұйымдастыруымен "Ортағасырлық Сарайшық қаласының қайта қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу" жөнінде онлайн форматта дөңгелек үстел өтті. Дөңгелек үстелдің модераторы - ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Мәдениет комитетінің Тарихи-мәдени мұра басқармасының басшысы Жанат Сейдалиева болды. Шараға "Қазқайтажаңарту" кәсіпорынының директоры Махаббат Бигельдиев, Ә.Марғұлан атындағы Археология институтының жетекші ғылыми қызметкері Ералы Ақымбек, т.ғ.к., археолог Жұман Смаилов, Атырау облысы Мәдениет басқармасының басшысы Әбіл Жоламанов, Атырау облысы тарихи-мәдени мұраны зерттеу орталығының басшысы Толыбай Достыбаев, археолог Вячеслав Плахов, «Сарайшық» музей-қорығының бас инспекторы Айбек Тұрарұлы, «Сарайшық» музей-қорығының ғалым хатшысы Амангелді Жұмабаев, т.б. мамандар қатысты. Жиын барысында ескерткішке туристер кіретін бас қақпаның жобасы таныстырылып, ескерткішті қорғау бойынша кәсіби мамандардың талқылауы болды.

Жұмыс кестесі

Дүйсенбі/Жексенбі: 09:00-18:30

Түскі үзіліссіз/демалыссыз

Кері байланыс

Тел/факс: +7 702 059 7858

E-mail: museumsaraishik@mail.ru