Ортағасырлық Сарайшық – Қазақ елінің астанасы
"Сарайшық" мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы" РМҚК
Виртуалды тур

Өлкедегі туризм саласын дамыту жөнінде жиын өтті

ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Мәдениет комитетінің «Сарайшық» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының бас қор сақтаушысы О. Сағынбаева және қор сақтаушы Т. Мұғиев Атырау қаласы Еркінқала ауылында орналасқан «Нұрлы тал» ұлттық этно паркінде Атырау облысы Кәсіпкерлер палатасының «Туризм және қызмет көрсету» салалық кеңесінің көшпелі отырысына қатысты. Бұл жиынға Атырау облысы «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының директоры Сүйінбаев Нұрлан Болатұлы, Атырау облысы Кәсіпкерлер палатасының «Туризм және қызмет көрсету» салалық кеңесінің төрайымы Елешева Гүлжан Мырзагерейқызы, Атырау облысының кәсіпкерлік және туризм басқармасының өкілі Ж. Сабырғалиева, «Ақ желкен» шығармашылық орталығының директоры Н.Дәулетов, сонымен қатар «Somerset City Centre Atyrau» атқарушы директоры Г.Омарова, Атырау облысын туристерге таныстыруда белсенділік танытып жүрген «Nomad», «Орта» орталықтарының құрылтайшылары мен өкілдері қатынасты. Алыс-жақыннан келетін туристерге сапалы қызмет көрсету, заңды статусқа ие болу, бірлескен бағыттарды ұйымдастыру, өңірлік ерекшеліктерге негізделген бағдарлама жасақтау мәселелері талқыланды.

Жұмыс кестесі

Дүйсенбі/Жексенбі: 09:00-18:30

Түскі үзіліссіз/демалыссыз

Кері байланыс

Тел/факс: +7 702 059 7858

E-mail: museumsaraishik@mail.ru