Ортағасырлық Сарайшық – Қазақ елінің астанасы
"Сарайшық" мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы" РМҚК
Виртуалды тур

Жылыой ауданында дөңгелек үстел ұйымдастырылды

23 мамырда «Сарайшық» музей-қорығы және Жылыой аудандық әкімдігі ұйымдастыруымен Құлсары қаласындағы Жылыой аудандық «Атамұра» тарихи-өлкетану музейінде «ГУЛАГ жүйесіндегі Прорва және Астрахань лагерлері тарихы» атты дөңгелек үстел өтті. Дөңгелек үстелдің модераторы, аудан әкімінің орынбасары Г. Айшуақова шараның мақсаты - ГУЛАГ жүйесіндегі Прорва - Астрахань еңбекпен түзету лагері тарихына арналатынын атап өтті. Жоба жетекшісі, т.ғ.д., профессор Ұ. Ахметова, жоба мүшесі А. Жұмабаев лагерьдің құрылу мақсаты, лагердің бөлімшелері, тұтқындардың атқарған қызметтері, ұлттық құрамы, лагерь бөлімдерінің орналасқан жерлеріне жасалған экспедициялар туралы әңгімеледі. Дөңгелек үстелге қатысушылар тарапынан аудан тарихының «ақтаңдақ» тұстарын зерттеуде аталған тақырыптың өзекті екені айтылды. Ғылыми жоба мүшелері зерттеу нәтижесі бойынша жарық көрген «Лагерная система в Прикаспийском регионе Казахстана (1932-1953 гг.)» құжаттар мен материалдар жинағын аудан әкімдігі мен музей ұжымына сыйға тартты. Өз кезегінде «Атамұра» музейінің директоры М. Қақпанбаев «Сарайшық» музей-қорығы қорына аудандық музей тарихы баяндалған кітапты тарту етті.
 
Жұмыс кестесі

Дүйсенбі/Жексенбі: 09:00-18:30

Түскі үзіліссіз/демалыссыз

Кері байланыс

Тел/факс: +7 702 059 7858

E-mail: museumsaraishik@mail.ru