Ортағасырлық Сарайшық – Қазақ елінің астанасы
"Сарайшық" мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы" РМҚК
Виртуалды тур

Қалабасы ауылы орнындағы зерттеулер

22 мамырда «Сарайшық» музей-қорығының археологтары өлкетанушы Сәтқали Әуелбаев пен медицина саласының ардагері Сабыртай Шомиров ақсақалдармен Жайық өзенінің сол жағалауындағы көне Қалабасы ауылы орны мен Шойтас, Жаналы қорымдарында болды. Көне көз қариялардан 50-60 жыл бұрынғы жер бедерінің сипаты, өзен арнасының өзгерісі, ғимараттардың құрылысы туралы сұрап біліп, ескерткіштерде археологиялық зерттеулер жүргізді. Қалабасы ауылы маңынан ортағасырлық Сарайшықпен байланысты көрсететін керамика сынықтары табылса, Жаналы қорымы маңында кремний жаңқалар, микролиттер сынықтары бар екені анықталды. Қазіргі күнде жойылып кеткен көне Қалабасы ауылы орнынан мешіт ғимаратының орналасқан жері де ақсақалдардың көмегімен анықталды.
 
 
Жұмыс кестесі

Дүйсенбі/Жексенбі: 09:00-18:30

Түскі үзіліссіз/демалыссыз

Кері байланыс

Тел/факс: +7 702 059 7858

E-mail: museumsaraishik@mail.ru